Бұрынғы Конституциялық соттың орнын басқан Конституциялық Кеңестің қызметі қандай?
Айбар, Жамбыл облысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мемлекеттiк орган ретiнде республиканың бүкiл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары тұруын қамтамасыз етедi.
Конституциялық Кеңес жетi мүшеден тұрады, олардың өкілеттілігі алты жылға созылады. Республиканың экс-президенттерi құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестің мүшелері болып табылады. Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің, Сенат төрағасының, Мәжіліс төрағасының, Премьер-министрдің, Парламент депутаттарының жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлігінің өтініштері бойынша: дау туған жағдайда республика Президентiнің сайлауын, Парламент депутаттарының сайлауын өткізу және республикалық референдум дұрыстығы туралы мәселенi шешедi; Парламент қабылдаған заңдарға Президент қол қойғанға дейiн олардың Конституцияға сәйкестiгiн қарайды; республиканың халықаралық шарттары бекiтiлгенге дейiн олардың Конституцияға сәйкестiгiн қарайды; Конституция нормаларына ресми түсiндiрме береді; Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарымен қарастырылған жағдайларда қорытындылар береді; Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың республика Конституциясына сәйкестігін қарайды.
Конституциялық Кеңес соттардың өтініштерін қарайды. Егер белгілі бір істі қарау барысында сот қолданылуға жататын заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адам мен азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, ол іс жүргізуді тоқтата тұрып, Конституциялық Кеңеске бұл актіні конституциялық емес деп тану туралы өтініш беруі тиіс.
Конституциялық Кеңестің қызметі не?
Последние статьи автора