Конькидің қай уақытта, қай елден шыққанын немесе кім ойлап тапқанын білуге бола ма?
Файза ӘМІРТАЙҚЫЗЫ, Қарағанды облысы
Мұның нақты жауабын ғалымдар да дөп басып айта алмайды. Тек ХІІ ғасырда солтүстікті мекендейтін халықтардың сүйектен жасалған конькиді қолданғандары анық. Британ мұражайында өткен ғасырда Англиядан табылған коньки сақталуда. Оған 2000 жылдай болыпты. Ал 1967 жылы археологтар Одессаға жақын жерден екі коньки жұбын тауып алған. Жылқының алдыңғы тұяқтарынан жасалғанға ұқсайтын конькилер көшпелі киммерий тайпасының бұйымдары болып шыққан. Бұл конькилер шамамен осыдан 3200 жыл бұрын қолданылған. Қазір әлемдегі ең көне коньки – осы.
Бірақ алғашқы темір конькилер ХІІІ-XІV ғасырларда Голландияда жасалған. Ал XVІII ғасырдың басында Голландия мен Англияда болат конькилер жасала бастаған. Алғашқыда конькилер сүйектен, одан соң табаны темірмен қапталып, ағаштан жасалған.
Бірақ коньки атауы орыстың «конь» деген сөзінен шыққан. Өйткені ағаштан жасалған конькидің алдыңғы бөлігі жылқының басы бейнесінде әшекейленген. Осылай коньки аталып кеткен. Ал Ресейге конькиді алып келген – Петр І. Голландияға кеме жасау өнерін үйренуге барған орыс патшасының мұз үстінде коньки тебуге де аңсары ауған екен.
Конькимен жүгірушілерге арналған жүзі жұқа конькиді ХІХ ғасырдың басында норвегтер (К.Вернер мен А.Поульсен) жасап шығарған.
Коньки қай елден шыққан?
Последние статьи автора