Коньки қай елден шыққан?

Коньки қай елден шыққан?

Конькидің қай уақытта, қай елден шыққанын немесе кім ойлап тапқанын білуге бола ма?
Файза ӘМІРТАЙҚЫЗЫ,
Қарағанды облысы
Мұның нақты жауабын ғалымдар да дөп басып айта алмайды. Тек ХІІ ғасырда солтүстікті мекендейтін халықтардың сүйек­тен жасалған конькиді қолдан­ған­дары анық. Британ мұражайында өткен ға­сырда Англиядан табылған коньки сақ­талуда. Оған 2000 жылдай болыпты. Ал 1967 жылы археологтар Одессаға жақын жерден екі коньки жұбын тауып алған. Жылқының алдыңғы тұяқтарынан жасал­ғанға ұқсайтын конькилер көшпелі ким­ме­рий тайпасының бұйымдары болып шыққан. Бұл конькилер шамамен осыдан 3200 жыл бұрын қолданылған. Қазір әлем­дегі ең көне коньки – осы.
Бірақ алғашқы темір конькилер ХІІІ-XІV ғасырларда Голландияда жасалған. Ал XVІII ғасырдың басында Голландия мен Англияда болат конькилер жасала бас­таған. Алғашқыда конькилер сүйектен, одан соң табаны темірмен қапталып, ағаш­тан жасалған.
Бірақ коньки атауы орыстың «конь» де­ген сөзінен шыққан. Өйткені ағаштан жа­салған конькидің алдыңғы бөлігі жыл­қының басы бейнесінде әшекейленген. Осылай коньки аталып кеткен. Ал Ресейге конькиді алып келген – Петр І. Голландияға кеме жасау өнерін үйренуге барған орыс патшасының мұз үстінде коньки тебуге де аңсары ауған екен.
Конькимен жүгірушілерге арналған жүзі жұқа конькиді ХІХ ғасырдың басында норвегтер (К.Вернер мен А.Поульсен) жасап шығарған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста