Конфедерация – уақытша одақтастық
Конфедерацияға бірігуде мемлекеттердің тәуелсіздігі сақтала ма және федерациядан айырмашылығы қандай?
Ардақ Мырзағазин, Шығыс Қазақстан облысы
Конфедерация дегеніміз – мемлекетті басқару үлгісі. Яғни белгілі бір мақсатқа жету жолында жекелеген елдердің егемендігін сақтай отырып, бір тудың астына бірігуі. Федерациядан айырмашылығы сол – мұнда мемлекет бірнеше конфедерацияға мүше бола алады. Әлемдік тәжірибедегі конфедерациялардың тарихына қарайтын болсақ, олар түбінде ыдырайды немесе федерацияға айналады. Мысалы, Швейцарияны қазірдің өзінде конфедерация деп атайды. Өйткені әйгілі банкпен аты шыққан бұл мемлекет 1291-1848 жылдар аралығында конфедерациялы ел болған. АҚШ 1861-1865 жж. Американың Конфедеративті Штаттары атанған. Қазіргі кезде Босния және Герцеговина – конфедерациялы елдер. Сонымен қатар тәуелсіздіктерін берік сақтаған кәрі құрлықты мекендейтін мемлекеттердің Еуроодағын да атауға болады. Тарихта тағы мынадай мысалдар бар. (Сербия+Черногория, 2003—2006), Сенегамбия (Сенегал+Гамбия, 1982—1989), Африка мемлекеттерінің одағы (Мали+Гана+Гвинея, 1960—1962). Араб Федерациясы (Ирак+Иордания, 1958).