Көне қалалар саны қанша?

Көне қалалар саны қанша?

Қазақ халқын «көшпелілер» деп атаған. Әйтсе де еліміздің аумағынан көне қалалардың көп табылғандығын білеміз. Олардың саны шамамен қанша?
Меруерт РАБАТОВА,
Ақтөбе қаласы
Бұл мәселеге келгенде тарихшы ғалымдар­дың пікірлері әрқилы. Дегенмен археолог  мамандардың шындыққа жақын деректері бойынша, қазақ даласында 500-ге жуық қала болған. Олардың 70-ке жуығын ірі қалаларға жатқызуға болады. Көне қалалардың алғаш­қы­сы шамамен осыдан 4000 жыл бұрын пай­да бола бастаған. Ал қорғандардың саны тіпті көп. Әлі де анықталмағандары қанша. Бірақ көптеген шетелдік ғалымдар осы уақытқа де­йін қазақтар отырықшы болып қала салмаған, егіншілікпен айналыспаған, өркениет құрма­ған, жабайы, көшпелі халық деп санап келді. Әлі де осы пікірді ұстанатындар бар. Алайда нақты тарихи деректер бұл жаңсақ пікірлерді теріске шығарады. Осы күні біз өзімізді «номад» деп атауды сәнге айналдырып алдық. Біле-білген адамға біздің ата-бабаларымыз ежелгі Тұран даласында емін-еркін ары-бері көшіп-қонып қана қоймай, құрылысты игеріп, қалалар мен қорғандар салып, егіншілікпен де айналысқаны анық. Қалай айтсақ та, Орта Азия мен қазақ жері өркениеттің, оның ішінде далалық өркениеттің ошағы болғаны сөзсіз.  Кеңес өкіметі тұсында төл тарихымыз­ды танып-білуге мүмкіндік берілмеді. Ұлы Жібек жолының бойында орта ғасырларда ғылым мен мәдениеттің орталығы болған Тараз, Отырар, Сарайшық, Құлан, Меркі, Аспа­ра, Ақыртас сынды аттары әлемге әйгілі жүздеген қалалардың тізбегі бар. Олардың әрқайсысы жеке-жеке зерттеуді қажет етеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста