Көне кітаптар қайда қалды?

Тарихтағы Отырар кітапханасын кімдер құртқан және оның кітап қорында қандай құнды дүниелер бар еді? Кейбір тарихшылар осы кітапхана жаугершілік кезінде басқа жерге көшірілген дейді. Бұл туралы дерек бар ма?

Нұрмат МӘМЕТҰЛЫ, Ақтөбе

Александрия кітапханасынан кейінгі әлемнің екінші үлкен білім ошағы – Отырар кітапханасы Шыңғысхан шапқыншылығы кезінде жоғалып кетті. Онда ежелгі сына жазуымен жазылған туындылар мен папирус орама қағаздарынан бастап, ортағасырлық Еуропа, араб және қытай ғалым-оқымыстыларының шығармаларына дейін жинақталған. Міне, осындай кітап қоры өте бай кітапхана шапқыншылардың аяғына тапталды.

Бұл 1218 жыл болатын. Алайда моңғол әскерінің Отырарды алты ай бойы қоршауы кезінде кітапхана құпия түрде жер астына жасырылған дейтін дерек бар. Бірақ оның нақты қай жерге жасырылғаны жөнінде бүгінде ешкім білмейді. Отырар кітапханасын табу үшін археологиялық қазба жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.

2001 жылғы 27 тамызда Қазақстан Үкіметі мен ЮНЕСКО арасында көне Отырар қалашығын сақтау әрі консервациялау жобасы бойынша келісімге қол қойылды. Бүгінде елордамыз Астанада «Отырар кітапханасы» жұмыс істейді. Сонымен қатар жыл сайын мемлекеттік тапсырыспен «Отырар кітапханасы» сериясымен таңдаулы көркем әдеби кітаптар жарық көріп келеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста