Композитордың қандай шығармалары бар?
Көрнекті композитор М.Төлебаевты алғаш мектеп жасына толған кезімізде Әнұран авторы ретінде таныдық. Кейін келе ел сүйген біраз әндерді жазғанын да білдік. Бірақ ол кісінің шығармашылығымен толық таныс емеспіз. Композитордың қандай атақты шығармалары бар?
Нұркелді Ыдырыс, Солтүстік Қазақстан облысы
М.Төлебаев – опералардың, оркестрлік немесе вокальды-симфониялық, кантаталық-ораториялық және ән-романстық шығармалардың, камералық-аспаптық пьесалардың, әндер мен романстардың авторы. Шығармаларының жалпы саны 100-ден асады.
Олардың қатарында «Біржан-Сара», «Амангелді» опералары, «Қазақ КСР-нің әнұраны» (Е.Брусиловский, Л.Хамидимен бірігіп жазған), «Коммунизм оттары» кантатасы, «Жастық шақ» төрт бөлімді хор сюитасы, «Той» симфониялық картинасы, «Лирикалық поэмасы», «Толғау» фортепиано мен скрипкаға арналған поэмасы, «Бүгінді таңда» сынды композициялық шығармалары мен «Тос мені, тос», «Кестелі орамал», «Ақ мақта», «Еске алу», «Мен сүйемін», «Сағыну», «Келші, сәулем», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», «Жылқышы әні», «Бақыт вальсі» т.б. ән, романстары бар. Әйгілі композитор көбіне музыканың ірі жанрларымен жұмыс істеген.