Компьютермен жұмыс істеуде санитарлық талаптар қандай?

Компьютермен көп жұмыс істеу зиян екені жайлы жиі естиміз. Осы орайда компьютердің зиянды әсерін азайту үшін нені ескерген жөн?
Дидар,
Алматы қаласы
Сіздің бұл сауалыңызға, Мектепке дейінгі балалар мен білім беру  ұйым­дарын санитарлық қадағалау бөлімінің маманы Анар Құсайынқызы жауап берді:
– Ғылымда, өндірісте, медицинада, оқу процесі мен үй шаруашылығында ком­пью­терлі техниканы қолдану өмір салты­на айналды. Алайда оның зияны жайлы ескере бермейміз. Видеодисплей­лі терминалдардың электромагнитті көзі қолданушының денсаулығына жағымсыз әсер береді. Компьютермен көп жұмыс істеу барысында адам біршама кешенді факторлардың әсеріне ұшырайды. Нақ­ты­рақ айтқанда, иондағыш емес элек­тромагнитті сәулелер, көз дискомфорты, статикалық электрқуаты, көздің шамадан тыс кернеуі, акуаның ионды құрамының өзгеруі т.б. Ресей ғалымдары мен маман­дары видеотерминалдармен жұмыс істейтін адамдардың денсаулығын зерт­теп, келесі тұжырымдамаға келді: видео­терминалдармен бес жыл жұмыс істеген адамдарда вегетативті жүйке жүйесі, жү­рек-қан жүйесі мен көру органдары­ның өзгеруі және тері аурулары мен жүктіліктің үзілуі байқалады. Сондай-ақ зерттеу қо­ры­тындысы келесі субъективті симптом­дардың пайда болуын анықтаған: көз алдында «құм», «қабынды», «шіркейле­нудің» пайда болуы, көздің жастануы; ұзақ статистикалық жүктеменің синдро­мы; омыртқаның  қисаюы; «білек синдро­мы» т.б. Бүгінгі таңда халықтың электро­магнитті қауіпсіздігі мен қоршаған орта­ның электромагнитті ластану мәселесі әлеуметтік маңыздылыққа ие болып,  күннен-күнге өзекті болып келе жатыр. Компьютерді пайдаланушылар келесі талаптарды ескергендері жөн:  компьютер техникасын жеткізушілерінен оның қауіп­сіздігін куәландыратын гигиеналық сертификатты талап ету; техниканы сатып алу мен орнату кезінде міндетті түрде аспапты өлшеулерді жүргізу; жұмыс орындарының гигиеналық талаптарға сәйкес болуы; компьютер техникасы мен электржабдықтардан шығатын сәулелер­дің қолданушыларға түспеуін қамтамасыз ету; видеотерминалдар мен компьютер техникасы орналасқан бөлмелер қауіп­сіздік жерленумен жабдықталуы қажет; электр розеткалары жерлену контуры бойына қосылады; программистердің, инженерлердің, операторлардың және басқа да компьютер техникасын қолдану­шылардың терең медициналық тексеру­ден өтуі міндеттеледі; электрмагнитті көз­дердің жағымсыз әсерлерінен пайда бола­тын аурулардың алдын алу жоспар­ларын жасау мен бекіту.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста