Компьютермен жұмыс істеуде санитарлық талаптар қандай?
Компьютермен көп жұмыс істеу зиян екені жайлы жиі естиміз. Осы орайда компьютердің зиянды әсерін азайту үшін нені ескерген жөн?
Дидар, Алматы қаласы
Сіздің бұл сауалыңызға, Мектепке дейінгі балалар мен білім беру ұйымдарын санитарлық қадағалау бөлімінің маманы Анар Құсайынқызы жауап берді:
– Ғылымда, өндірісте, медицинада, оқу процесі мен үй шаруашылығында компьютерлі техниканы қолдану өмір салтына айналды. Алайда оның зияны жайлы ескере бермейміз. Видеодисплейлі терминалдардың электромагнитті көзі қолданушының денсаулығына жағымсыз әсер береді. Компьютермен көп жұмыс істеу барысында адам біршама кешенді факторлардың әсеріне ұшырайды. Нақтырақ айтқанда, иондағыш емес электромагнитті сәулелер, көз дискомфорты, статикалық электрқуаты, көздің шамадан тыс кернеуі, акуаның ионды құрамының өзгеруі т.б. Ресей ғалымдары мен мамандары видеотерминалдармен жұмыс істейтін адамдардың денсаулығын зерттеп, келесі тұжырымдамаға келді: видеотерминалдармен бес жыл жұмыс істеген адамдарда вегетативті жүйке жүйесі, жүрек-қан жүйесі мен көру органдарының өзгеруі және тері аурулары мен жүктіліктің үзілуі байқалады. Сондай-ақ зерттеу қорытындысы келесі субъективті симптомдардың пайда болуын анықтаған: көз алдында «құм», «қабынды», «шіркейленудің» пайда болуы, көздің жастануы; ұзақ статистикалық жүктеменің синдромы; омыртқаның қисаюы; «білек синдромы» т.б. Бүгінгі таңда халықтың электромагнитті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаның электромагнитті ластану мәселесі әлеуметтік маңыздылыққа ие болып, күннен-күнге өзекті болып келе жатыр. Компьютерді пайдаланушылар келесі талаптарды ескергендері жөн: компьютер техникасын жеткізушілерінен оның қауіпсіздігін куәландыратын гигиеналық сертификатты талап ету; техниканы сатып алу мен орнату кезінде міндетті түрде аспапты өлшеулерді жүргізу; жұмыс орындарының гигиеналық талаптарға сәйкес болуы; компьютер техникасы мен электржабдықтардан шығатын сәулелердің қолданушыларға түспеуін қамтамасыз ету; видеотерминалдар мен компьютер техникасы орналасқан бөлмелер қауіпсіздік жерленумен жабдықталуы қажет; электр розеткалары жерлену контуры бойына қосылады; программистердің, инженерлердің, операторлардың және басқа да компьютер техникасын қолданушылардың терең медициналық тексеруден өтуі міндеттеледі; электрмагнитті көздердің жағымсыз әсерлерінен пайда болатын аурулардың алдын алу жоспарларын жасау мен бекіту.