Компьютердегі ақаудың алғашқы белгілері қандай?

Газеттеріңіздің өткен санында компьютерлік вирустардың қауіптілігі жайында жазып едіңіздер. Менің білгім келетіні, компьютеріме вирустың еніп кеткенін нақты қалай білуге болады? Оның қандай белгілері бар?
Қайырбек Тұрсынов,
Қызылорда облысы
Компьютеріңізбен жұмыс барысында қиындықтар туындаған сәтке дейін сіз вирустың бар-жоғынан хабарсыз болуыңыз мүмкін. Компьютердің вируспен зақымданғанының бірнеше негізгі белгілері мыналар:
– компьютер әдеттегісінен баяу жұмыс істейді;
– компьютер сұраныстарға жауап беруін доғарып, бұғатталып қала береді;
– жүйе әр бірнеше минут сайын жұмыс істеуден бас тартып, қайта жүктеліне береді;
– дискілер мен диск жетектеріне қатынау мүмкін болмай қалады;
– басып шығару қателермен жүреді;
– қателер туралы әдепкіден тыс хабарла­малар пайда бола бастайды;
– мәзірлер мен сұхбат терезелерінің көрінісі өзгеріп кетеді.
Бұлардың бәрі – вирус жұққандығының типтік белгілері. Алайда олар бағдарламалық жасақтаманың немесе құрал-жабдықтардың вирустарға еш қатысы жоқ ақауларынан хабар беруі де мүмкін. Сондықтан да компьютерде вирусқа қарсы қазіргі заманғы сапалы бағ­дар­ламалар орнатылмаса, компьютердің вирус­тармен зақымданғанын дәл анықтау оңай емес.
Ал өз компьютеріңіздің қауіпсіздігін қамта­масыз ету үшін:
Компьютеріңізде вирустардың бар-жоғын кем дегенде екі айда бір рет тексеріп отыры­ңыз. Өзіңіз сенімді болмаған кез келген сырт­қы тасымалдаушыда вирустар бар-жоғын тек­се­ріп отырыңыз. Өз компьютеріңізде бө­тен адамдардың жұмыс істеуіне жол берме­ңіз. Күмәнді бағдарламаларды көшіріп жаз­бауға тырысыңыз. Вирусты өз бетіңізбен залал­сыз­дандыра алмасаңыз, маманға жүгініңіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста