Коммунизмнің елесі әлі кезіп жүр
Баяғыда әлем елдерінің капиталистік және социалистік лагерь болып екіге бөлінгені және бақталасқаны белгілі. КСРО-ның құруымен социализмнің дәурені өтті. Дегенмен бүгінгі таңда халқының аузынан іркіт төгілген, мемлекет меншігін сақтаған, бай-кедей деп бөлінбейтін социалистік елдер бар ма?
Аслан ЖАЙНАҚОВ, Шығыс Қазақстан облысы
КСРО-ның күйреуімен социализм жойылып кеткен жоқ. Социализм жекелеген елдерде мемлекеттік құрылысын, негізін сақтап келеді. Атап айтқанда, Қытайда, Ливияда, Корей Халық Демократиялық Республикасында, Кубада, Венесуэлада, Боливияда, Неапалда, Камбоджада, Вьетнам, Лаос елдерінде социалистік құрылыс сақталып қалды. Социалистік елдерде коммунистер қиялдағандай молшылық пен тоқшылық орнады деу қиын. Бай мен кедей болып бөліну анық байқалады. Бір қызығы, социалистік елдерде автократиялық жүйе басым болып келеді. Ливияда Муаммар Каддафи, КХДР-да Ким Ир Сен, Венесуэлада Уго Чавес, Кубада Фидель Кастро елді ұзақ жылдар басқарды және кейбірі басқарып келеді.