Көлсай – жалғыз емес

Көлсай – жалғыз емес

Алматы облысында Көлсай деген әдемі көл бар екенін білеміз. Мүмкін болса, жазғы демалыста барармын. Естуімше, онда бір емес бірнеше көл бар екен. Осы жөнінде жазсаңыздар.
Ғалым НҰРБАТЫРОВ,
Тараз қаласы

Көлсай көлдеріне – Күнгей Алатауының Күрметі және Саты асуларынан бастау алатын кішігірім өзендер суынан пайда болған үш көл жатады. Жоғарғы Көлсай – теңіз деңгейінен үш мың метрге жуық, Ортаңғы Көлсай (Қайыңды) 2600 метр және көпшілікке белгілі Төменгі Көлсай 2110 метр биіктікте орналасқан. Көлсай көлдері табиғаты әсем тау шатқалында жатыр. Көлдердің төңірегін шырша, қарағай, қайың сынды тау ағаштары мен бұта-шалғындар көмкерген. Осынау табиғаттың көркем сыйын қорғап, сақтау үшін және осы аймақтағы туризмді дамыту мақсатында 2007 жылы Үкіметтің қаулысымен «Көлсай көлдері» Ұлттық мемлекеттік табиғи саябағы құрылған.

Алматы облысының Райымбек ауданындағы Көлсай көлдері Алматы қаласынан 280 шақырым жерде орналасқан. Ал табиғи саябақтың жалпы аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейін 23 шақырым, ал батыстан шығысқа дейін 98 шақырым жерді алып жатыр. «Көлсай көлдері» табиғи саябағында 700-ден астам өсімдік пен жануарлардың 129 түрі мекендейді.

Көлсай көлдері Қазақстан бойынша «Көкшетау», «Бурабай», «Баянауыл», «Қарқаралы», «Қатонқарағай», «Іле Алатауы», «Сайрамнан» кейінгі оныншы, ал Алматы облысындағы «Шарын», «Алтынемелден» кейінгі үшінші ерекше мәртебесі бар табиғи аймаққа жатады. Осы Ұлттық парктің қазіргі жер көлемі –160 мың гектардан асады. Мұның ішінде мемлекеттік табиғи аумаққа кіретін жер – 97 мың гектар шамасында. Ал мұндағы орман қоры 65 мың гектардай болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста