Колледжге түсу үшін жетімдерге жеңілдіктер қарастырылған ба?
-9 сыныптан кейін колледжге түсу кезінде жетімдерге қандай да бір жеңілдіктер көзделген бе? Тегін оқуыма құқығым бар ма?
Ілияс
Адина А, заңгер:
-27 шілде 2007 жылғы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес, мемлекет тегін мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуын, сондай-ақ егер азамат осы деңгейлердің әр қайсысында бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес тек конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуын қамтамасыз етеді.
Жетім – балалар және ата-анасының қарауынсыз қалған балалар үшін білім беру ұйымдарына түсу кезінде бекітілген мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемінен 1 пайыз – қабылдау квотасы көзделген (28 наурыз 2008 жылғы Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алудың кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын, оқу ұйымдарына оқуға түсу кезіндегі қабылдау квотасын бекіту туралы» Қаулысы).
Мемелекеттік тапсырыс бойынша оқушылардың қатарына жатқызу жөніндегі кокурс нәтижесінде бірдей көрсеткіштер алынған уақытта басымдылық жетім-балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға беріледі.