Мен колледжде оқытушы болып жұмыс істеймін. Еңбек өтілім – 11 жыл. Менің білгім келгені, колледж мұғалімінің жалақысы қалай есептеледі? 11 жылдық еңбек өтілімен қанша жалақы алуым керек?
Жанар ТҰРАНОВА, Қызылорда облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы маманының мәліметінше, ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары (ставкалары) (ЛЖ) атқаратын лауазымдарының лауазымдар санаттарына жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді ҚР Үкіметі белгілеген базалық лауазымдық жалақының (БЛЖ) мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады. Азаматтық қызметшілердің санаттар бойынша лауазымдарының тізіліміне сәйкес, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру оқу орнының оқытушыларына еңбекақы төлеу G-7 санаты бойынша жүргізіледі. БЛЖ бүгінгі күні 17 697 теңгені құрайды. Мәселен, мамандығы бойынша 9-дан 11 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру оқу орыны оқытушысының ЛЖ – 56 984 теңгені құрайды (17 697* 3,22).
Сонымен бірге білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы №40 бұйрығымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесіне» (бұдан әрі – Ереже) сәйкес, мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлеріне еңбекақы төлеу айлық белгіленген тарифтік ставкаларға (лауазымдық жалақыларға) қарай еңбекақыны көтеру, қосымша ақы төлеу және педагогикалық жұмыстың нақты көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.
Педагогикалық қызметкерлердің айлық жалақысы тарифтік ставканы (лауазымдық жалақыны) олардың апталық нақты жүктемесіне көбейту және шыққан нәтижені белгіленген нормативтік апталық оқу жүктемесіне бөлу жолымен белгіленеді.
Колледж мұғалімінің жалақысы қалай есептеледі?
Последние статьи автора