Колледж мұғалімінің жалақысы қалай есептеледі?

Колледж мұғалімінің жалақысы қалай есептеледі?

Мен колледжде оқытушы болып жұмыс істеймін. Еңбек өтілім – 11 жыл. Менің білгім келгені, колледж мұғалімінің жалақысы қалай есептеледі? 11 жылдық еңбек өтілімен қанша жалақы алуым керек?
Жанар ТҰРАНОВА,
Қызылорда облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы мама­ны­ның мәліметінше, ұйымдар қызмет­керлерінің лауазымдық жалақылары (ставкалары) (ЛЖ) атқаратын лауазым­дарының лауазымдар санаттарына жат­қызылуына және мамандығы бо­йынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қа­рай лауазымдық жалақыларын (ставка­ларын) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді ҚР Үкіметі белгілеген базалық лауазымдық жала­қының (БЛЖ) мөлшеріне көбейту жолы­мен айқында­лады. Азаматтық  қызметші­лердің  санат­тар бойынша лауазымда­ры­ның тізіліміне сәйкес, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру оқу орнының оқыту­шыларына еңбекақы төлеу G-7 санаты бойынша жүргізіледі. БЛЖ бүгінгі күні 17 697 теңгені құрайды. Мәселен, мамандығы бойынша 9-дан 11 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру оқу орыны оқытушысының ЛЖ  – 56 984 теңгені құрайды (17 697* 3,22).
Сонымен бірге білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы №40 бұйрығымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу  ереже­сіне» (бұдан әрі – Ереже) сәйкес, мемле­кеттік білім беру ұйымдарының педагоги­калық қызметкерлеріне еңбекақы төлеу айлық белгіленген тарифтік ставкаларға (лауазымдық жалақыларға) қарай еңбе­ка­қыны көтеру, қосымша ақы төлеу және педагогикалық жұмыстың нақты көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.
Педагогикалық қызметкерлердің ай­лық жалақысы тарифтік ставканы (лауа­зым­дық жалақыны) олардың апталық нақты жүкте­месіне көбейту және шыққан нәтижені бел­гіленген нормативтік апталық оқу жүк­теме­сіне бөлу жолымен белгілене­ді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста