Көлікті тіркеу үшін қандай құжаттар қажет?

Көлікті тіркеу үшін қандай құжаттар қажет?

- Мен жақында басқа облыстан автокөлік сатып алып едім, енді өз облысыма тіркеу үшін қандай құжаттарды рәсімдеу керек?

Сапарәлі

Адина А, заңгер:
-Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесіне сәйкес:
Тiркеу әрекеттерін жасау үшін көлік құралдарының иелерi:
1) көлік құралын тіркеу бланкісінде толтырылған өтініш;
2) тiркеу әрекеттерін жасауға өтініш білдірген адамның жеке басын куәландыратын құжат, жеке куәлігінде тұрғылықты жерінің мекен-жайы болмаған жағдайда, сондай-ақ тұрақты тұратын жерінде тіркелгенін растайтын құжатты (Азаматтарды тіркеу кітабы не мекен-жай бюросынан анықтама);
3) Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінде белгіленген баждар мен алымдарды төлеу туралы құжаттар;
4) Мыналарды:
салық төлеушілер үшін – Салық кодексінде белгіленген тәртіппен көлік құралдарына салықтың төленгенін;
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін – салық төлеуден босату құқығын растайтын құжаттарды;
5) көлiк құралының тiркеу құжаты;
6) дайындаушы зауыттардың немесе Қазақстан Республикасының шегінде көлiк құралына арнайы (немесе мамандандырылған) жабдықтар орнатқан кәсiпорындардың қабылдау-тапсыру актiлерi, сертификаттары немесе әкелінген жабдыққа тиiстi кедендiк құжаттар, сәйкестік сертификаты;
7) көлiк құралдарына, нөмірлiк агрегаттарға меншiк құқығын растайтын құжаттар.
Көлiк құралдарына, нөмірлiк агрегаттарға меншiк құқығын растайтын құжаттарға:
кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (кедендік жүк декларациясы, уақытша әкелген жағдайларда кері әкету туралы міндеттеме, техникалық құжат);
халықты әлеуметтiк қорғау органдары беретін құжаттар;
сот растаған сот шешімінің, орындауға жататын мемлекеттік органның әрекеттері туралы сот орындаушысы қаулысының не ұйғарымының көшірмелері қоса берілген заңнамада белгіленгенге сәйкес атқару парағы;
шарттар, куәлiктер, мүлікке мұрагерлік құқығы туралы құжататр, сондай-ақ нотариалды жасалған басқа да құжаттар заңды тұлғаның өзiнiң құрылымдық бөлiнісіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға көлiк құралын бөлу және беру туралы мөрмен расталған бұйрығы (өкiмі) жатады.
8) кері әкету туралы мiндеттемемен Қазақстан Республикасына әкелінген көлiк құралдарының МТНБ, «Транзит» белгiлерi және тiркеу құжаттары;
9) осы Ереженің 25-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, көлік құралы, ал конструкциясы өзгерген жағдайда – Қазақстан Республикасы ІІМ Жол полициясы комитетімен, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың ІІД ЖПБ-мен келісу туралы уәлікті, осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автомобиль жасау саласына жатпайтын кәсiпорындарда шығарылатын көлiк құралдарының конструкциясын ұсынады.

Қосымша қажетті ақпаратты мына сілемелерден таба аласыз:

www.zholpolice.kz/kk/registration/page707/page708/

www.zholpolice.kz/kk/registration/off/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста