Көліктен ауаға қандай зиянды заттар шығады?

Жақында бір газет бетінен «Алматы қаласы Қазақстан қалаларының ішіндегі ауа ластануының жоғары деңгейін көрсетіп, бірінші орынға шықты» деген хабар оқыған едім. Менің ойымша, ауаның бұзылуына ең алдымен сапасыз көліктер мен сапасыз майлар әсер етуде. Сұрайын дегенім, Алматыда қазіргі күні қанша көлік тіркелген және осы көліктерден қандай зиянды заттар ауаға шығады?
Төребек АЛМАСҰЛЫ,
Алматы, оқушы
Қазір Алматыда 540 мың­нан астам көлік құралдары тір­келген.Сондай-ақ қалаға орта есеппен күнделікті 200 мыңның шама­сын­да автомобильдер келіп-кетіп жа­тады. Әрбір 1 мың ав­то­мо­­биль­ден күніне ауаға 3000 кг көміртек оксидтері, т.с.с отынның толық емес жану өнімдері бөлі­неді. Жыл сайын олар 280 млн тонна шамасында көміртек тоты­ғын, 56 млн тонна көмірсутек, 28 млн тонна азот тотығын ауаға қоса­ды. Бұл газдардың құра­мын­да 200-ден астам өте күрделі заттар қосындылары (Pb, Hg, Cd, т.б. ауыр металдар, ішкі жану қоз­ғалт­қышының газдары – бен­запирен, альдегидтер) бар. Лас­тағыш заттардың зиянды әсер ету сипаты алуан түрлі. Олар түр­лі метал­дар­дың коррозиясын үде­тіп, өсім­дік­тер үшін улы бо­лып келеді, со­нымен қатар ыс туын­дауының бір себебі болады, жап­пай өкпе және басқа да ау­руларға ұшы­ратады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста