Өзім қызмет ететін компанияның логотипін автомобиліме жапсырайын деп едім. Жарнама болсын деп. Бұл үшін жол полициясынан рұқсат алу керек пе?
Марат Керімбаев, Ақмола облысы
ҚР Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитеті мамандарының мәліметінше, №31306-2005 «Сыртқы жарнаманы орналастыру. Жалпы талаптар» аталатын мемлекеттік стандарт талабы бойынша заңды тұлғалардың атауын немесе логотипін жапсыру туралы рұқсатты берумен жол полициясы айналыспайды. Қолданыстағы мемлекеттік стандарт талаптарында сыртқы жарнаманы, әр алуан меншік түріндегі заңды тұлғалардың атауын немесе таңбасын автокөлік құралына орналастыру туралы шарттар қарастырылмаған.
Көлікке логотип жапсыру үшін арнайы рұқсат керек пе?
Последние статьи автора