Кокос суы семіздіктен арылуға көмектесе ме?
Кокос шырынының артық салмақтан арылуға септігі бар ма? Жемістің шырынын насихаттайтын жарнамаларға сенуге бола ма?
Нұргүл Әмірова, Ақтөбе облысы
Кокостың косметика мен парфюмерия өндірісінде қолданылатыны белгілі. Жемістің адам ағзасына да пайдасы зор делінеді. Ғалымдардың айтуынша, кокос суының бір аяғының құнары 46 калорияға тең. Ал кокос сүті бұдан 11 есе нәрлі. Кокос суы ағзадағы сұйықтық жетіспеушілігін қалпына келтіреді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде дәрігер ғалымдар кокос шырынын физиологиялық ерітінді ретінде қолданған. Бұл сұйықтық құрамында май болмайды, есесіне табиғи қант пен минералды заттар көп. Жеміс шырыны магний мен калийге де бай. Ағзаны токсиндерден тазартатын бұл шырын денедегі артық майлардан арылуға да зор ықпал етеді.