Қазірде біз «кока-кола» сусынының ағзаға зияндылығы жөнінде жиі естиміз. Әйтсе де осы сусыннан бас тартып жатқанымыз шамалы. Білейін дегенім, осы сусынды қай ел көп тұтынады?
Мират ҚАЙЫРБЕКҰЛЫ, студент
Негізінен, аталмыш сусынның ағзаға зияндылығы әлдеқашан дәлелденген. Бүгінде ғалымдар «кока-коланың» ішіндегі бояғыштарды алып тастаса, бұл сусынның түсі жасыл түске айналады» деседі. Өйткені ол «кармин қышқылы» деп аталатын шұбалшаң құртынан жасалатын экстрактіден дайындалады. Бұл сусынды әлем елдерінің 90 пайызы тұтынады. Десек те, әлем бойынша исландиялықтар осы сусынды тұтынуда көш бастап тұр. Айта кетерлік жайт – аталмыш сусын әлемдегі ең үлкен тауар айналымының тізіміне еніп отыр. Ғалымдар тарапынан тауардың зияндылығы қаншалықты дәледенсе де, халық осы өнімді тұтынудан бас тартпай отыр. Мәселен, исландиялықтардың 88,3 пайызы осы сусынды тұтынады.
«Кока-коланы» қай ел көп тұтынады?
Последние статьи автора