Бала кезімізден бері «Ақ көгершін» әнін «Ақ көгершін, көгершін, Қолқанат құс сен едің. Бар, кезіп қайт, ел үшін, Кең дүниенің көлемін. Әділеттің құсы деп, Көз алмастан жолыңнан, Ұшырамын қолымнан» деп тебірене айтатынбыз. Бұл құс неліктен бейбітшілік символы болып саналады?
Гүлдана, Алматы облысы
Көгершін ежелден Шығыс елдерінде қасиетті құс, Құдайдың хабаршысы ретінде ырыс-берекенің, бейбітшіліктің символына баланып келеді. Христиан діні үшін бұл құс Қасиетті Рухтың символы болды. Інжілде Нұх пайғамбардың кемесіне зәйтүн бұтағын алып келіп,топан судың аяқталғанын және Құдайдың адамдармен татуласқандығын білдірген құс болғаны айтылады. Ежелгі Римде Венераның көгершіндері Марстың дулығасына жұмыртқалағандықтан, Соғыс Құдайы кезекті қантөгістен бас тартып халықтың аман қалғандығы туралы аңыз бар. Көгершін кейбір билеушілердің скипетрлерінде Құдайдан дарыған билік символы ретінде бейнеленген. Қазіргі кезде АҚШ пен Ұлыбританияда әскери күш қолдануды қолдайтын саясаткерлерді – қаршығалар (hawks), бейбітшіл саяси тұлғаларды көгершіндер (doves) деп атау дәстүрге айналған.
Көгершін неге бейбітшіліктің символы саналады?
Последние статьи автора