Балам кивиді сүйіп жейді. Жеміс-жидектердің ішінде соған айрықша құмар. Бұл жемістің ағзаға қандай әсері бар? Қандай дәрумендерден тұрады?
Динара Ысқақова, Астана қаласы
Киви – актинидия (Қытайда өсетін мәңгі жасыл жапырақты ағаш) тұқымына жататын өсімдіктің жемісі. Оның құрамында 75 мг С дәрумені, 2,6 г жасұнық, 11 г көмірсу мен 4 мг натрий бар. Киви құрамында калий де бар. Дәрігерлер бұл жемісті ағзаға өте пайдалы жеміс деп есептейді. Мәселен, йод тапшылығы мен гипертониясы бар адамдар кивиді әркез қолданғаны жөн. Жемістің өн бойындағы дәрумендер ағзадағы майды ерітіп, қан қысымының көтерілуіне жол бермейді.