Кітапхана қашан пайда болған?
Естуімше, есте жоқ ескі замандардың өзінде кітап ерекше бағаланған екен. Ал ең алғашқы кітапханалар қай кезде пайда болған?
Ардақ ЕРЖҰМАН, Талғар қаласы
Адамзат баласы кітапхананың пайдасын бірден түсінді, сол себепті де, ең алғашқы кітапхана осыдан сегіз мың жыл бұрын пайда болды. Ежелгі Месопотамия тұрғындары жазуды саздан жасалынған тақтайшаларға жазған. Сондай мыңдаған тақтайшалар ежелгі сарайларда сақталып келді және тақырыптары бойынша сұрыпталды. Ежелгі египеттіктер жазуды әуелі шиыршықталып, сосын түтік сияқты оралған папирус қағаздарға жазды. Біздің эрамызға дейінгі 332 жылы Александр Македонский негізін қалаған, Египеттегі атақты Александрия кітапханасында осындай мыңдаған қағаздар сақталып келген.
Б.э. IV ғасырында Римде көпшілікке арналған 28 кітапхана жұмыс істеген. Ал орта ғасырларда кітапханалар монастырьлар мен университеттердің жанынан ашылған. Ұрлық-қарлықты болдырмас үшін ол уақытта кітаптарды қабырғаларға шынжырмен бұғаулап тастайтын болған.