Кітап шығару ісі қай елден бастау алған? Ең алғашқы кітап қалай аталған және оның қандай ерекшелігі болған? Алғашқы қазақ тіліндегі кітап қандай атпен, қай жерде, қашан басылып шыққан?
Динара, Алматы қаласы
Баспасөздің екінші түрі — мерзімсіз басылымдарға кітаптар, кітапшалар, плакаттар, күнтізбелер, ноталар, т.б. жатады. Оның ең негізгі әрі көне түрі — кітап. Кітап басу ісі VIIІ-IХ ғасырларда Қытай елінен бастау алған екен. Алғашқы кітап ағаштан ойылған қалыппен басу әдісімен басылған көрінеді. Ол буддистердің «Жақұт сутра» (868) деген қасиетті кітабы болған. Ал Еуропаға кітап басу ісі төрт ғасырдан кейін келген деседі. Қазақ тіліндегі алғашқы кітап – «Сейфүл-мәлік» қиссасы. Ол 1807 жылы Қазан қаласында жарық көрген (Қара кітап). Қазіргі кезде Қазақстанда 1200-ден астам газет-журналдар, апталықтар жарық көреді. Сондай-ақ әртүрлі меншік нысанындағы 260-тан астам баспадан мыңдаған таралыммен кітаптар, буклеттер мен плакаттар, т.б. шығады. Республикадағы баспасөз жүйесінің қызметі ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңымен реттеледі.
Кітап басу ісі қай уақыттан бастау алған?
Последние статьи автора