Кісі қайтыс болған үйде айнаның бетін жауып қою керек пе?

Кісі қайтыс болған үйдегі айнаның бетін жауып қоюдың қандай шариғи негізі бар?

Мирас Кесебай

Құрметті Мирас, сіз сұрап отырған мәселенің шариғи негізі жоқ. Мұндай ырым сонау көне славян халқында орын алған. Оның мәнісін әр түрлі етіп түсіндіреді. Соның бірінде, айна екі жақтылық нышаны боп табылады-мыс. Яғни, айна о дүние мен бұ дүние арасындағы және тылсым әлем мен материалдық дүние арасындағы байланыс құралы, көпір іспетті.

Сондықтан, мәйіт шыққан үйдегі айналардың бетін үш күн бойы жауып қоятын болған. Өйткені, марқұмның рухы үш күн ішінде денеге оралуы мүмкін екен. Егер осы сәтте рухтың бейнесі айнада көрінсе, онда ол денесіне қайта орала алмай, арғы өмірде мәңгіге қалып қалады-мыс.

Әлгіндей ырым Исламда негізсіз болып табылады. Соған сеніп, арнайы сол үшін қайтыс болған үйдегі айна бетін жабу дұрыс емес.

Ешқандай зат (аталмыш мағынада) о дүние мен бұ дүние арасында көпір бола алмақ емес. Және өлген кісінің рухы о дүниеге аттанғаннан кейін осы дүниеге қайта оралмайды.

Бұны Құранда былайша баян еткен:
«Егер олардың әлдебіреуіне өлім келсе: «Құдайым! Мені дүниеге қайтара гөр! Мүмкін мен қалдырған дұниеде ізгі амал істермін», - деп (жалбарынады). Әсте (олай болмайды)! Шынында бұл босқа айтылған сөз (тілектері жүзеге аспайды). Олардың артында қайта тірілетін күңге дейін бөгет бар». [Мү’минун сүресі, 99-100 аят].

islam.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста