Кіндігіңді жауып жүр!
Ұнатып жүріп жүрген қызым ашық-шашық киінгенді жақсы көреді. Мәселені мәжбүрлеу арқылы емес, зиянды жақтарын түсіндіру арқылы шешкім келеді. Медициналық тұрғыдан кіндік ашып жүрудің зиянды жақтары бар ма?
Еркін ҚАДЫРОВ, Алматы қаласы
Сұраққа «Сұңқар» емханасының терапевті Айжан ӘМІРБЕКОВА жауап береді: «Адамның кіндігі өте нәзік мүше. Бала құрсақта жатқан кезден бастап балаға оның кіндігі арқылы қажетті заттардың берілетіні баршаға аян. Кіндік арқылы зат алмасулар ғана емес суық ауа, зиянды энергиялардың да тез өтетінін мамандар дәлелдеп қойған. Кіндіктің ашық-шашық жүруінен суық тез өтеді. Осыдан келіп адамның ішкі органдарына суық тиеді. Қазіргі таңда шаңырақ көтерген жас аналардың 4-5 жыл өткен соң ғана құрсақ көтеруі үйреншікті жағдайға айналып барады. Барлығының дерлік себебі жас кезінде жатырға суық тигізуден. Сондықтан қыз балалар мүмкіндігінше кіндігін ашық ұстамауы қажет. Сондай-ақ адамдардың көзі ең алдымен ашық-шашық денеге түседі. Адамның қадалып қарауынан пайда болатын зиянды энергиялар да кіндік арқылы тез өтеді».
Бұл туралы Құранда (Ағраф сүресі 26 аят және Нұр сүресі 31 аяттарда) мұсылман қызының киімі әуретті, яғни ұят жерлерін жабатындай, сонымен қатар өзге еркектерді еліктірмейтіндей болу керек деп жазылған.