«Азаматтарға арналған үкімет» МК бірқатар санаттағы азаматтардың паспортты тегін рәсімдей алатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Нalyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.
Шетелге шығарда әрбір баланың жеке паспорты болуы қажет. Ал бұл құжат ХҚО-да 12 жасқа толмаған балалар үшін әр 5 жыл сайын рәсімделеді.
Кейде балалар өскен сайын түрі де өзгереді. Мұндайда шекарада келеңсіз жағдайға тап болмас үшін төлқұжаттың мерзімі аяқталмаса да ауыстыру қажет. Ата-анасының бірі шетел азаматы болса, оның нотариалды куәландырылған келісімі керек.
Сонымен балаларға паспорт алу үшін керекті құжаттар тізімі:
– Туу туралы куәлігі (құжаттарды ресімдеген кезде баланың болуы міндетті);
– ата-анасының бірінің жеке куәлігі;
– баланың фотосуреті (оны ХҚО-да жасауға болады);
– баж төлемі туралы түбіртек (8 МРП).
Одан бөлек паспортты «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, мүгедектер, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ белгілі бір жеңілдігі бар санаттағы азаматтар тегін алады. Қосымша ақпаратты 1414 нөмірі бойынша білуге болады.