Кімдер аумақтық сайлау комиссиясына мүше бола алмайды?
Алдағы Сенат сайлауы қарсаңында аумақтық сайлау комиссиялары жұмыс істеп жатыр. Қандай тұлғалардың аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі болуға құқы жоқ?
Айдана ҚАСТЕК, Алматы
Мына жеке тұлғалар: сотталғандығы заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам, сот iс-әрекетке қабiлетсiз немесе iс-әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған адам («Сайлау туралы Конституциялық заңның 19-бабы 2-1-тармағы), Парламент, мәслихаттар депутаттары, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерi, Парламенттің, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерi, сондай-ақ кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдары, мемлекеттiк саяси қызметшi лауазымындағы адамдар, Қазақстан Республикасы соттарының судьялары сайлау комиссиясының мүшесi бола алмайды. Сондай-ақ кандидаттардың жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстары, кандидаттарға тiкелей бағынышты адамдар сайлауды тiкелей ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз ететiн сайлау комиссияларының құрамында бола алмайды.