Киіз үйдің қалай жасалатынын білеміз бе?

Көшпелі өмір салтына орай қазақ халқының негізгі баспанасы киіз үй болғаны белгілі. Ол бірнеше бөліктен тұрады: уық, кереге жəне шаңырақ. Қабырғасы керегеден құралады. Қанат дегеніміз – өзінше бір блок, керегелердің құрастырмасы. Қанат деп аталатыны – құстың қанаты секілді жайылады. Ал керегенің көрінісі латынның S қарпінің созылған түріне ұқсайды. Уық – кереге мен шаңырақты қосып тұрушы бөлік. Негізгі бөлігі – шаңырақ. Киіз үйдің басқа бөліктерін біртұтас етіп қосып, біріктіріп тұрған да осы шаңырақ. Оның мемлекеттік рəміздеріміз қатарынан табылуы да осыдан.

Қабырғасы дөңгеленген, бұрышы жоқ бұл баспананы қолдану оңай. Тағы бір ерекшелігі, кез келген көлікке тиеуге, соның ішінде өгізге де артып жүруге жеңіл болған. Негізгі қаңқасы (сүйегі деп те атайды) талдан жасалған. Жапқыштары – түндік, үзік, туырлық. Олар тек қой жүнінен жасалған. Басқа да əшекейлі баулар қойдың жүнінен жасалған. Киіз үй жасау оңай жұмыс емес. Сүйегіне жарамды талдарды арнайы өзен бойынан, тоғайдан таңдап алады. Одан кейін қабығын аршып, иіп, əрбір бөлшегін қолмен өңдеп, содан кейін ғана сырлайды. Киіз үй ежелден осылай жасалады.

ҚАЖЕТТІЛІК НЕГЕ ТӨМЕНДЕДІ?

Қазан төңкерісінен кейін қазақ халқы көшпелі тұрмыстан отырықшылыққа көше бастады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ауыл шаруашылығы күрт төмендеп, содан алпысыншы жылдары ғана қарқынды дами бастады. Еңбекшілер саны да, мал саны да арта түсті.

Хрущев сол жылдары «жер игеру» мəселесімен облыстар мен аудандарды аралауға шығады. Сонда ескі киіз үйлерді көріп, көңілі толмайды. Оның орнына жаңадан жылжымалы заманауи үйлерді жасауға бұйрық береді. Осы негізде түрлі үй нұсқалары көрмеге ұсынылады. Содан соң көрмеде ұсынылған жаңа үйлерді еңбекшілерге қолданысқа береді. Алайда қарапайым шаруалар бұл үйлерді жаратпайды. Олардың сапасы киіз үйге қарағанда төмендеу болады. Соған қарамастан, осыдан кейін киіз үйді жыл-жымалы үйлер алмастыра алмады.

КИІЗ ҮЙ ЖАСАЙТЫН АЛҒАШҚЫ ФАБРИКА

 

1975 жылы Молдан Əлдербайұлы Қазақ Республикасының Орман, ағаш дайындау жəне өңдеу өнеркəсібі министрі болып тағайындалады. Қазақ халқының өмірімен тығыз байланысты екі дүниенің бірі – киіз үй, ал екіншісі домбыра болса, Молдан ағаның осы екеуіне де тікелей қатысы бар. Молдан Əлдербайұлы басқарған жылдары министрлік ауыз толтырып айтатын жетістіктерге қол жеткізеді. Көп жыл бойы шешімін таппай жүрген мəселенің бірі – малшыларды киіз үймен қамтамасыз ету еді. Молдан Əлдербайұлы осы мəселені қолға алады. Бұл жұмысты Молдан Əлдербаевқа тапсырып қана қоймай, міндеттеме де қояды. Біріншіден, қуаты 20-25 мың киіз үй шығаруға жететін өндіріс салу тапсырылады. Екіншіден, Ауыл шаруашылық министрлігінің талабы бойынша, киіз үйдің сүйегін тек талдан жасау керек болады. Алайда тек талды пайдаланса, жұмыскерлер су бойын жағалап жүруі керек. Тал өндірудің өзіне көптеген жыл керек. Ақырында киіз үйді талдан жасау тиімсіз деген шешімге келеді. Ұзақ ойлана келе, Молдан аға: «Адам бір нəрсенің шешімін тапқысы келсе, қанша қиын мəселе болса да, оны таппай қоймайды», – деп, бұл түйінді шешуге бел буады. Мəселені инженерлер арасында талқылайды. Сонда Молдан ағаға бір ой келеді: «Осы шаңғыны неден жасайды? Қалай жасайды? Ол ағаш емес пе? Өзі төзімді, сонымен қатар майысқақ. Формасы да түзу емес». Отырғандардың бəрі бұл идеяны қолдайды. Ақыры «уық, кереге жасау технологиясының негізін шаңғы жасау технологиясынан бастауымыз керек» деген шешімге келеді.

Ал шаңғы аққайыңнан жонып алатын шпоннан жасалды. Киіз үйді де осы шпоннан жасамаққа бекінеді. Бұл шешім алға қойылған мақсаттардың негізі іспеттес болады. Осылайша Үштөбеде жылына 20 мыңға дейін киіз үй шығаратын өндіріс жолға қойылып, қарқынмен жүре бастайды. Кейіннен Ауыл шаруашылығы министрлігі киіз үй өндірісін 10-14 мыңға азайтуды ұйғарады. Одан артық қажет еместігін айтады. «Өздерің емес пе, 25 мың сұраған? Біз оны жасаймыз, барлық мүмкіндік бар», – дейді Молдан аға. Сөйтсе министрлік киіз үйді əрі кетсе екі-үш жылға ғана шыдайды деп жоспарлаған екен. Алайда сол кездегі киіз үйлер кем дегенде он жылға дейін шыдамды болды. Жер сілкінісіне ұшырап, баспанасыз қалғандарға көмек ретінде 2-3 мың киіз үйден жіберуге мүмкіндік болған. Тіпті осы киіз үйлер Тəжікстан, Өзбекстан, Арменияға да жөнелтілген екен.

1976 жылы Министрлер Кеңесінде Мəдениет министрі Жексенбек Еркімбеков мəдениет саласының дамуына байланысты домбыра жасауды қолға алу мəселесін көтереді. Алқа мəжілісінде жиһаз фабрикасында домбыра жасайтын жеке цех ашылып, Осакаровкадағы цехты кеңейту туралы шешім қабылданды. Осылайша Үкіметтің домбыра жасау тапсырмасы жүзеге асты. Алматы жиһаз фабрикасындағы домбыра жасайтын цех жылына 40 мың, Осакаровкадағы цех 60 мыңға дейін домбыра жасау мүмкіндігіне ие болды.

1986 жылы Министрлер Кеңесінің мəжілісінде Молдан Əлдербайұлы бесжылдық қорытындысы туралы баяндама жасайды. Сонда төрағалық етіп отырған Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев: «Қай министрлік осындай көрсеткіштерімен мақтана алады? Министр Əлдербаевқа алғыс айтамыз», – деп ризашылығын білдіреді. Молдан Əлдербайұлы киіз үй жасау технологиясын «Дом без углов» атты еңбегінде толық жазады. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін «Казахский лес: миф или реальность?» атты кітабы жарық көреді. Ал Молдан Əлдербайұлының құжаттары Алматы қаласы Орталық мемлекеттік мұрағатына 2009 жылы қабылданған. Оны Молдан ағаөзі өткізген. Аты аңызға айналған министр архивте №459 қор құрушысы екенін де біле жүргеніміз жөн.

 

Əсем АРЗУБЕКОВА,
СДУ студенті

«Ұлан» газеті, №12
20 наурыз 2018 жыл

zhasorken.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста