Өздерін «готпыз» дейтін жастарды арагідік көріп қаламыз. Ал қазір түнгі клубтардан «киберготтар» дейтіндер шықпайтын болды. Бұлар кімдер? Басқалардан не айырмашылығы бар?
Гүлзия, Астана қаласы
Киберготтар да – жастардың субмәдениетінің бірі. 90-жылдардың соңында Games Workshop атты рөлдік ойындар өндірісімен айналысатын компания «кибер-гот» терминін тұңғыш рет пайдаланды. Бұл ұғым ғаламторда өмір сүретін және «киберпанк» атты ғылыми-фантастикалық жанр туындыларын жақсы көретін жастарды біріктіреді. Ашық сары, жасыл немесе ашық көк түсті жасанды шаш жалғап, ғаламтор мен компьютер әлеміндегі түстерге сәйкес жарық бөлгіш киім киетін жастар келешекте төнуі мүмкін ғаламдық апаттарға қарсы ғажайып технологиялар туралы пікірлермен өмір сүреді. Хай-текпен, граффитимен әуестенеді. Бір-бірімен компьютерлік сленгтері арқылы сөйлеседі. Тыңдайтын әуендері – EBM, IDM, Industrial, Goth, future-pop, Synthpop, Electronica, Experimental, Hardcore сияқты электронды музыка.
«Киберготтар» деген кімдер?
Последние статьи автора