Кеше халықаралық керуеншілер күні екен. Сонда оны кімдер атап өтеді?
Алма Жақыпқызы
Оны керуенбасылар, сондай-ақ көлік колонналары мен кеме керуендері құрамындағы адамдар, алысқа қатынайтын көлік жүргізушілер, сауда кемелерінің командалары мен эскорт кеме экипаждары атап өтеді. Бұл кәсіби мерекені Халықаралық жүк-көлік рационалдау қауымдастығы 1995 жылы белгілеген болатын.
Ал мереке күні ретінде 24-ші қыркүйектің таңдалу себебі – бұл 16-17 ғасырда өмір сүрген ағылшын теңізшісі мен навигаторы Уильям Адамстың туған күні. Тарихи деректерге сәйкес, ол Жапон жағалауына тұңғыш рет жеткен еуропалық саналады. 1597-1600 жылдардағы теңіз саяхатынан кейін Уильям Адамс Күншығыс елінде 20 жыл өмір сүрді. Осы мерзім ішінде ол Жапонияның Англия және Голландиямен арадағы сауда қатынасын дамытуда үлкен рөл атқарды. Айта кетейік, Уильям Адамс – Д.Клэвелдің әйгілі «Сегун» романындағы Джон Блэкторнның прототипі.
Екінші нұсқасы бойынша, Халықаралық керуенші күнін атап өтуге Мұхаммед пайғамбар мен алғашқы мұсылмандардың Меккеден Мединеге қоныс аударуы негіз болған. «Керуен» сөзінің өзі әу баста бірге сапар шегетін бір топ адам мен жүк артылған түйе, ат және есектердің тізбегі дегенді білдіретін. Саудагерлер жолдағы қауіп-қатерден сақтану үшін осылайша бірігіп жолға шығатын. Ең әйгілі керуен бағыты – Қытайды Орта Азия елдерімен жалғастырған Ұлы Жібек жолы.
Керуенші күнін кім тойлайды?
Последние статьи автора