Керуенші күнін кім тойлайды?

Керуенші күнін кім тойлайды?

Кеше халықаралық керуеншілер күні екен. Сонда оны кімдер атап өтеді?
Алма Жақыпқызы

Оны керуенбасылар, сондай-ақ көлік колон­налары мен кеме керуендері құрамындағы адам­дар, алысқа қатынайтын көлік жүргізушілер, сауда кемелерінің командалары мен эскорт кеме эки­паж­дары атап өтеді. Бұл кәсіби мерекені Халық­аралық жүк-көлік рационалдау қауымдастығы 1995 жылы белгілеген болатын.
Ал мереке күні ретінде 24-ші қыркүйектің таң­далу себебі – бұл 16-17 ғасырда өмір сүрген ағыл­шын теңізшісі мен навигаторы Уильям Адамстың ту­ған күні. Тарихи деректерге сәйкес, ол Жапон жаға­лауына тұңғыш рет жеткен еуропалық сана­лады. 1597-1600 жылдардағы теңіз саяхатынан кейін Уильям Адамс Күншығыс елінде 20 жыл өмір сүрді. Осы мерзім ішінде ол Жапонияның Англия және Голландиямен арадағы сауда қатынасын да­мытуда үлкен рөл атқарды. Айта кетейік, Уильям Адамс – Д.Клэвелдің әйгілі «Сегун» романындағы Джон Блэкторнның прототипі.
Екінші нұсқасы бойынша, Халықаралық кер­уенші күнін атап өтуге Мұхаммед пайғамбар мен алғашқы мұсылмандардың Меккеден Мединеге қоныс аударуы негіз болған. «Керуен» сөзінің өзі әу баста бірге  сапар шегетін бір топ адам мен жүк артылған түйе, ат және есектердің тізбегі дегенді білдіретін. Саудагерлер жолдағы қауіп-қатерден сақтану үшін осылайша бірігіп жолға шығатын.  Ең әйгілі керуен бағыты –  Қытайды Орта Азия елде­рімен жалғастырған Ұлы Жібек жолы. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста