Мен мемлекеттік мекемеде 2009 жылдың тамыз айынан бері келісімшартпен жұмыс істеп жүрмін. Мамандығым – агроном. Менің білгім келгені – маған жылдық ақылы еңбек демалысы беріле ме? Берілер болса, қалай беріледі? Сонымен қатар келісімшартпен жұмыс істеген мерзім еңбек өтіліне есептеле ме?
Дидар МАРАТОВ, Солтүстік Қазақстан облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы маманының мағлұматына қарағанда, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 105-бабына сәйкес, қызметкерге жұмыс iстеген бiрiншi және келесi жылдары үшiн жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келiсiмi бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында берiледi.
Кодекстің 239-бабына сәйкес, мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызметшiлерге лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi.
Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, әлеуметтік қамсыздандыру қазыналық кәсіпорындары (бұдан әрі – ұйымдар) қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеудің тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 30 наурыздағы «Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, әлеуметтік қамсыздандыру қазыналық кәсіпорындары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу ережесін бекіту туралы» № 106-бұйрығымен реттеледі.
Келісімшартпен жұмыс істейтіндерге ақылы еңбек демалысы беріле ме?
Последние статьи автора