Кекештіктен қалай арылуға болады?

Менің ағам қатты ашуланғанда, кейде асығыс сөйлеген уақытта тілі бұратылып кекештеніп қалады. Бұдан қалай арылуға болады?

Арман, Түркістан қаласы

Кекештік тұтығу деп те атайды. Ол сөйлеу қалпының бұзылуы, жеке дыбыстар мен сөз буындарын айтқанда немесе оларды қайталағанда еріксіз мүдіру. Кекештік әдетте мектеп жасына дейінгі ер балаларда жиі кездеседі. Мұндай жағдайда баланың жүйке жүйесінің тұрақтылығын төмендетуін туғызатын жағдайлардың (тұқым қуалаушылық немесе жүре пайда болған ашушаңдық, ызақорлық) ролі зор. Сонымен бірге кейде балаға араласып жүрген тілі мүкіс адамдарға еліктеп сөйлеуі де әсер етеді. Сондай-ақ баланы тәрбиелеуші адамның тілінің мүкістігі мен басқадай кемшіліктері де кекештіктің ұлғаюына ықпал жасайды. Баланың туған-туыстары мен тәрбиешісінің жылдам сөйлеуі, баланы қалыптан тыс көп оқыту, т.б. кекештіктің пайда болуының басты себептері. Тілі кешігіп шыққан балаларда да кекештік кездеседі. Ол көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларда және оқушыларда жиі көрініс береді. Кейде кекештік сырқаттанып тұрғаннан кейін (тұмау, көкжөтел, қызылша), сондай-ақ, қатты шошынудан, отбасыдағы айқай-шудан да пайда болуы мүмкін. Кекештеніп сөйлейтін бала өсе келе қорғаншақ, ұялшақ, тұнжырыңқы болады. Оның тіліндегі кемшілікке еркінен тыс қолын ербеңдетіп әрекет жасауы, бет-әлпетінің, денесінің оғаш қимылы қосылады.

meninkyzmetim.ucoz.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста