Кедір-бұдыр жолға ескерту белгісі қойылуы керек пе?
Кейде қалааралық жолдар уақытша болса да, тегіс емес, шоқалақ болып жатады. Осындай жағдайда белгілі бір мерзімге арнайы ескерту жол белгісі орнатылуы керек пе? Мұндай мәселемен кім айналысады?
Асангелді НҰРҒАЗИН, Қызылорда облысы
ҚР Көлік және коммуникация министрлігі мамандарының мәліметінше, жол белгілерін орнату, оларды жөндеу мен алып тастау Жол полициясы бөлімшелерінің нұсқауларына сәйкес іске асырылады. Жол полициясы – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы негізгі өкілетті орган. Көлік жолдарының тегіс еместігі анықталған жағдайда 3.24 «Максимал жылдамдықты шектеу» және 1.16 «Тегіс емес жол» белгілері орнатылып, сол учаскелердің ұзындығы көрсетілуі тиіс. Ал жол жабынының жай-күйін бақылау – жол мекемелерінің міндеті.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу