Кедейлікке алып келетін әдеттер

Кедейлікке алып келетін әдеттер Адам дүниеге келген кезде не бай не кедей болып тумайды. Ол адам болып туады және адам болып өледі. Бірақ осы өмір мен өлім арасындағы ғұмырын ол өзі жасайды. Себебі ешкім сізге бәрін дайындап бермейді. Ал жақсы өмір сүру үшін жақсы адам болу ғана жеткіліксіз. Себебі жақсы адамның да жақсы жұмысы, табысы, еңбегі болу керек. Ал кедей болсаңыз, ол сіздің өз қателігіңіз. Себебі сіз көптеген әдеттерден арыла алмайсыз. Ол қандай әдеттер?

Өзіңді аяу

Адам болмысымен ерекшеленеді. Себебі бірінші ақша емес, сіздің ниетіңіз бен өмір сүру қағидаңыз. Ал кедейлікке алып келетін ең бірінші әдет осы өзіңді аяу. Яғни көпшілік ортадан өзіңді бөлек ұстау, қымбат жерге барудан қашу, іштей ұялу, қысылу сезімдері сізді алға ұмтылуға жол бермейді.

«Менің жағдайым қайдан болсын», «менде жоқ», «шамам жетпейді», «ол үшін ақша керек», «бай емеспін» дейтін жауыр болып кеткен сөздерден қашыңыз. Бұл сіздің жауыңыз.

Бәрін үнемдей беру

Үнемшіл болу әрине жақсы қасиет, бірақ бәрін үнемдеу, арзанға жүгіру қателік. Себебі бәрін үнемдей беру сізді ешқашан табысты адамдар қатарына қоспайды. Қазақта осындайда жақсы сөз бар: «кең болсаң, кем болмайсың» деген. Ендеше шашылатын жерде шашылып, үнемдейтін жерде үнемшіл болған жөн.

Ақша бітсе, уайымға салыну

Тұрмыстың билігі санаға жүріп тұрған шақта, ақшасыз өмір сүру мүмкін емес. Дегенмен барлық нәрсенің кілті ақшада емес. Егер қалтаңызды көк тиын қалмай қалса, уайымдап, қобалжудың қажеті жоқ. Себебі бұл әдетке айналып кетсе, сіз ақша бітсе болды қарызға кіруге асығып тұрасыз. Ал қарызға көп байланған сайын сіздің баюға деген құлшыныс жоғалады. Әр тапқаныңызды қарызға берсеңіз, сіз қашан байлыққа кенелесіз?

Аз кірістен көп шығын жасау

Шығынды есептеңіз. Себебі кіріс аз болса, немесе белгілі бір орташа көлемде болса соған қарай икемделу керек. Адамдардың кедейлікке ұрынып қалатын тағы бір себебі де осы. Олар көп шашылып, аз қаржы табады. Есебін жасамайды. Сондықтан кіріске қарай, шығын жасаңыз. Бір күн емес, бір ай әлі өмір сүру керектігін ұмытпаңыз.

massaget.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста