Біз өткенде «Кедейлік» психологиясы туралы жазған болатынбыз. Оқырмандарымыздан одан қалай айырылуға болады деген сұрақтар әлі де келіп жатқандықтан біз осы тақырыпқа қайта оралуды жөн санадық.
Бақуатты өмір сүру өзіңіздің қарым-қабілетіңіз бен күшіңізге тәуелді. Сізде де «кедейлік» псхологиясының белгілері болса біздің кеңестерді жадыңызға мықтап түйіп алыңыз!
— Өзіңізді аяуды доғарыңыз! Өзіңізді жұмыстан шаршаған кезде қамшылай білу керек. «Ой, мен кеше 4 сағат ұйықтадым. Түнде кеш жаттым…» деген сияқты сылтауды жинастырып қойыңыз. Сіздің ұйықтаған емес, ұйқыдан тұрған уақытыңыз маңызды. Жұмысыңыздан бос кезде басқа іспен айналысып, үнемі өсу үстінде болыңыз!
— Қыңқылдай бермеңіз! «Менің айлығым аз… Неге осы ақша жетпейде екен…» таныс сөздер ме? Енді ұмытыңыз! Осы сөздерді айтқаныңызға қанша уақыт болды? Содан бері осы сөзді тыңдаған адам сіздің айлығыңызда көбейтіп, ақшаңызды жеткізіп жеберді ме? ЖОООҚ! Демек бұл сөздерден пайда жоқ. Өзіңізді мүжіп тастайсыз…
— Ашкөздікті қою керек! Адамдар өте қанағатсыз… Оны сіз де білесіз! «Кедей: «бай болсам» - дейді, бай: «Құдай болсам» - дейді. Барыңызды бағалай білу керек! Бағасын білген кезде ғана ол өзінің мөлшерін көбейте түспек.
— Барлығын ақшамен байланыстырмаңыз! Көп ақша сәттіліктің, бақыттың, қуаныштың кілті емес! Олай болмаған, болмайды да! Сондықтан долларларыңызды нақты неге жұмсайтыныңызды ойлаңыз!
— Өзіңізді салыстырмаңыз! «Арман менен күшті, себебі оның көлігі менікінен қымбат… Мараттың менікінен көп малы бар…» Бос әңгіме! Сізде де олар болады, тек жұмыс істеңіз. Ондай байлық біреуге оңай келуі мүмкін, бәлкім сізге керісінше. Ол үшін біреуді жазғырмағыңыз!
— Барлығы бірден болмайды! Осыны мықтап ұғып алу керек, мысалы сіз саудамен айналысып бастапқы жылы көп шығынға ұшырадыңыз делік. Одан сіздің ешқашан сауда да жолыңыз болмайды деген тұжырым шығармау керек. Бәлкім келесі де бәрі басқаша болатын шығар!?