«Кебенек киген келеді» деп неге айтады?

«Кебенек киген келеді» деп неге айтады?

Қазақта «кебін киген өледі, кебенек киген келеді» деген мақал бар ғой. Сондағы кебін деген түсінікті, ал кебенек деген не?
Ержан Қошбаев,
Ақтау қаласы
Уикипедия ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет бойынша, «кебенек» сөзінің екі мағынасы бар: біріншісі – сырт киім. Ертеректе жауынгерлер мен малшы­лар оны жауын-шашыннан, бораннан қорғану үшін киген. Ол – жұқа киізден шапан тәрізді етіп тігілген киім. Кебенекке арналған киізді бір бет етіп жұқалап басады. Оны қылшығын сыртына шығара басқан жұқа киізден ақ, қара немесе қоңыр түсті етіп, атқа отыруға ыңғайлы болу үшін артына жарма қалдырып, шалбарымен қоса пішеді. Халқымызда «ерді кебенек ішінде таны» деген де мақал бар. Бұл сөздің екінші мағынасы – ешкі ғана ауыратын жұқпалы індет. Бұл жұқпалы ауру ауа райы құбылмалы таулы өңірде көбірек кездеседі. Ешкінің дене қызуы 42 градусқа жетеді, оттамай, күйсемей, өрістен қалады, ілбіп қозғалып, бүйірі қабысады. Бұлшық еттері оқтын-оқтын дірілдеп, ентігеді, бүйірі соғады, өкпесі сырылдайды, танауынан ірің ағады. Бұл ауруды алаөкпе деп те атайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста