Естуімше, Кавказ тұрғындарының ұзақ өмір сүруінің себебі олардың жүректеріне байланысты көрінеді. Яғни олардың жүректері өзге аймақ халықтарына қарағанда әлдеқайда сау, мығым және күшті болса керек. Шынымен де, солай ма?
Айбек ОРЫНБАЙ, Орал қаласы
Кавказдықтардың ұзақ жасауының сыры әлі толықтай зерттеліп болған жоқ. Бірақ тау халықтарының ұзақ өмір сүруі, шынымен де, олардың жүректерінің саулығына байланысты деген болжам бар. Біріншіден, олар жақсы шыныққан және ұзақ жасаушылар тау-таста бала кезінен жүруді әдетке айналдырған бақташылардың арасында көп кездеседі. Екіншіден, кавказдықтардың дені шылым шекпейді және ата тегінен сақталып келе жатқан жақсы қасиеттерге ие. Айтқандай, кавказдықтардың ас мәзіріне қой еті ешқашан кірмейтін көрінеді. Ол жақта қойды тек үлкен мерекелерге орай ғана сояды. Ал күнделікті өмірде кавказдықтар, негізінен, ірімшік, сүзбе және бау-бақша өнімдерімен тамақтанады.
Адамдар ұзақ өмір сүруге мүмкіндік беретін тағамдық өнімді үнемі іздеумен келеді. Бірақ денсаулықтың жақсы сақталуы – салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, сондай-ақ жат әдеттерден аулақ болу тәрізді факторларға тікелей байланысты екенін ұмытпаған жөн.
Кавказдықтардың ұзақ жасауының сыры неде?
Последние статьи автора