Кавказдықтардың ұзақ жасауының сыры неде?

Кавказдықтардың ұзақ жасауының сыры неде?

Естуімше, Кавказ тұрғындарының ұзақ өмір сүруінің себебі олардың жүрек­те­ріне байланысты көрінеді. Яғни олардың жүректері өзге аймақ халықтарына қа­рағанда әлдеқайда сау, мығым және күшті болса керек. Шынымен де, солай ма?
Айбек ОРЫНБАЙ,
Орал қаласы
Кавказдықтардың ұзақ жасауының сыры әлі толықтай зерттеліп болған жоқ. Бірақ тау халықтарының ұзақ өмір сүруі, шынымен де, олардың жүректерінің саулығына бай­ла­нысты деген болжам бар. Біріншіден, олар жақсы шыныққан және ұзақ жасау­шы­лар тау-таста бала кезінен жүруді әдетке ай­­налдырған бақташылардың арасында көп кездеседі. Екіншіден, кавказдықтардың дені шылым шекпейді және ата тегінен сақ­талып келе жатқан жақсы қасиеттерге ие. Айтқандай, кавказдықтардың ас мәзіріне қой еті ешқашан кірмейтін көрінеді. Ол жақ­та қойды тек үлкен мерекелерге орай ғана сояды. Ал күнделікті өмірде кавказдық­тар, негізінен, ірімшік, сүзбе және бау-бақ­ша өнімдерімен тамақтанады.
Адамдар ұзақ өмір сүруге мүмкіндік беретін тағамдық өнімді үнемі іздеумен келеді. Бірақ денсаулықтың жақсы сақталуы – салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс та­мақ­тану, сондай-ақ жат әдеттерден аулақ болу тәрізді факторларға тікелей байла­ныс­ты екенін ұмытпаған жөн.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста