Катынь қырғыны туралы не білеміз?

Катынь қырғыны туралы не білеміз?

Жуырда Ресей Катынь оқиғасын мойнына алды. Осы геноцид кімдерге бағытталған, жалпы, осы жазалау оқиғасы туралы айтып бересіздер ме?

Асылжан ЕРБОЛАТҰЛЫ

Катынь жазалау оқиғасы – КСРО-ның қолымен поляк азаматтарының жаппай жазалануы. Поляктар бұл қанды оқиғаны «Катынь қылмысы» деп те атайды. 1940 жылдың көктемінде НКВД қызметкерлері Катынь орманының түбінде тұтқындағы 21 857 полякты ату жазасына кесіп, сол жерге ортақ ор қазып, оларды көміп тастайды. Бұл оқиға поляк интеллигенциясы үшін өте ауыр тиді. Себебі оққа ұшқандардың құрамы адвокаттар, журналистер, инженерлер, мұғалім, дәрігерлер секілді білікті мамандардан, бірен-саран профессорлардан тұратын.

Олардың мәйітін алғаш болып Гитлер жауынгерлері әшкерелейді. Өз кезінде Кеңес өкіметі бұл мәліметтен бас тартты және КСРО әкімшілігі НКВД-ның жауапкершілігін ресми түрде мойнына алған 1990 жылға дейін бұл қанды оқиғаны фашистік Германиядан көріп келді. Айта кетерлігі, оқиға орын алған жылы Гитлер тапсырмасы бойынша да жүздеген поляк өлім құшқан болатын. Осыны дәйек ретінде ұстаған орыс тарихшылары Катынь оқиғасын қазірдің өзінде КСРО-ның көзқарасымен беріп жүр. Ресей премьер-министрі Владимир Путин қыркүйек айының басындағы Польшаға жасаған сапарында осы пікірталасқа нүкте қойып, қатыгез Катынь оқиғасы КСРО-ның қолымен жасалғанын мойнына алды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста