Менің білгім келетіні, жан басына шаққандағы мұнай қоры бойынша қай елдер көш бастап тұр?
Жасұлан, Шымкент
Жан басына шаққандағы мұнай қоры бойынша ең бай ел Катар болып саналады. Мұндағы жерасты мұнайының қорын азаматтардың санына шаққанда әрбіріне құны 6 млн долларға бағаланатын шикізаттан келеді. Аталған ел – жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші бойынша көш бастаушы елдердің бірі. Бұл тізімде екінші ел Кувейт – жан басына шаққанда 4 млн долларға бағаланатын шикізаттан келеді. Жан басына шаққандағы мұнай қоры бай елдердің алғашқы ондығына сондай-ақ Біріккен Араб Әмірлігі, Түрікменстан, Сауд Арабиясы, Ливия, Канада, Бруней, Ирак елдері кіреді. Бұл тізімде Қазақстан – 16-шы, Ресей – 17-ші, Әзірбайжан 19-шы орында тұр.
Катардың әр азаматына 6 млн доллар мұнай қоры тиесілі
Последние статьи автора