Картопты ашқан кім?

Картопты жер-жаһан жұрты бұрын тек гүл дегені рас па? Оны алғаш тағам ретінде ашқан кім?
Жанар,
Ақтау қаласы
Күлкілі болса да, бергі заманға дейін картопты сәнқой бикештер арасында әдемі келбетке көрік берер әшекей деп қабылданып келгені шындық. Көгілдір гүлдестеге қол жеткізу үшін ханымдар қанша сома болса да төлеуге әзір болған.
Картоптың отаны Оңтүстік Америка екенін бүгінде барлық жұрт біледі. Алғаш оның дәмін де татып, қадірін де білген сол құрлықтың ба­йырғы тұрғындары – аборигендер. Алғаш Еуро­паға картопты алып келген испандық теңізшілер еді, бұл шамамен 1570-1580 жылдар болса керек. Тағы бір деректер оны жоққа шығарып, Еуро­паға осы бір көкөністі алып келген ағылшын вице-адмиралы Френсис Дрейк дейді. Оған себеп Оффенбург қаласындағы «Сэр Френсис Дрейк – 1580 жылы Еуропаға картопты жеткізуші» деген жазудың тұруы.
Ал картопты тағамдық құндылық деп таныған адамның аты нақты белгілі, ол – Педро Чеза де Леон есімді испандық. Перуде картопты «папа» деп атаса керек. Сол «папа» жайлы Чеза де Леон: «Жержаңғақтың ерекше түрі, пісіргенде жұп-жұмсақ каштан секілді болады. Қабығы бар, оны аршып жеу керек», — деп, үндістер тайпасының картоп жинау науқанына орай өткізген той дастар­қанын сипаттап береді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста