Пластикалық карточкама банк қателесіп, 140 мың теңге аударыпты. Мен банкке хабарласып, олардың қателескенін ескерттім. Егер осы ақшаны қайтарғым келмесе, не болар еді?
Бану ӘЛИЕВА, Алматы
Бұл сұраққа байланысты банктің call-орталығына хабарластық. Ондағылар: «Егер ақшаны аударған адам карточка иесінің аты-жөнін жазып, карточка нөмірінде қателессе, банктің қаржыны қайтару мүмкіндігі бар», – деп жауап берді. Ал ақша тек карточка нөмірін енгізу арқылы жөнелтілетін жүйе арқылы аударылса, онда бұл қаржы карточка иесінің меншігі болып саналады. Мұндай жағдайда банк клиенттен қаржыны қайтаруды тек өтінуі мүмкін, талап ете алмайды. Есімін атауды қаламаған бір банк менеджері: «Мұндай жағдайлардың 70 пайызында карточка иелері ақшаны қайтармайтындықтан, банк қаражатты өз шығынына қосады», – деп жауап берді. Ал адвокаттық кеңсе директоры Тайыр Назханов «бөтен біреудің ақшасын иемдену дұрыс емес, Азаматтық кодекске сәйкес, банк сотқа шағымданып, ақшаны қайтара алады» деген пікірде.
Карточкаға қате түскен ақша кімдікі?
Последние статьи автора