Кәмелетке толмаған бала жұмыс істеуге құқылы ма?

Балам әлі кәмелеттік жасқа толған жоқ, жасы 14-те, мектепте оқиды. Бірақ отбасы жағдайына байланысты сабағынан тыс уақытта жұмыс істегісі келеді. Біз рұқсат беріп отырмыз. Оның мұндай жаста жұмыс істеуіне құқығы бар ма?
Төлеуғайша,
Семей қаласы
Балалардың 14 жастан бастап, ата-ана­сының рұқсатымен оқудан бос кезiнде денсаулығына және өсiп-жетiлуiне оңтай­лы, баланың дене бiтiмiне, рухани және психикалық жай-күйiне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сон­дай-ақ мамандық алуға құқығы бар. Бұл құқықты халықты еңбекпен қамту қыз­метi мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары қамтамасыз етедi. Сондай-ақ әрбiр баланың еңбек бостандығына, қыз­мет және кәсiп түрлерiн еркiн таңдауда да құқықтары бар. 18 жасқа толмаған қыз­мет­кер­лермен еңбек шартын жасасу және оны бұзу тәртiбi, сонымен қатар олардың еңбегiн реттеудiң басқа да ерекшелiктерi ҚР еңбек заңна­масында белгiленедi. Егер сізді қосымша баланың еңбек бостанды­ғына қатысты құқықтары қызықтырса, 2002 жылдың 8 та­мызында қабылданған ҚР Баланың құ­қықтары туралы №345 Заңы­ның 3-тарауында толығымен көрсетілген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста