ХХ ғасырдың басындағы қазақ қайраткерлерінің арасында Ізмұхан Құрамысов есімі аталады. Ол кім болған?
Берік, Тараз
Ізмұхан Мұқашұлы Құрамысов – 1929-1934 жылдары РКП(б) Қазақ өлкелік партия комитетінің II хатшысы болған саяси қайраткер. Ол Ақтөбе губерниясы Ақбұлақ уезі Тұзтөбе болысы Томарөткел ауылында 1896 жылы дүниеге келген.1924 жылдың мамыр айында Ізмұхан Құрамысовтың өмірінде елеулі кезең басталады. Ол қазақстандық IV партия конференциясында РКП(б) облыстық комитетінің хатшысы болып сайланады. Бұған қоса, РКП(б) Орталық комитетінің нұсқауымен обкомның жанынан құрылған Қазақстан партия ұйымына Жетісу және Сырдария облыстарын қосу мәселелерімен айналысатын ұйымдастыру бюросына да жетекшілік етеді.
Қазақтардың көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылық тұрмысын бірден отырықшылыққа көшіру саясатының салдарынан қазақ даласында үлкен аштық орын алғаны белгілі. Көптеген деректе осы аштыққа кінәлі адам ретінде Ф.И.Голощекинмен бірге І.М.Құрамысовтың да есімі аталады. Алайда ол сол аштықты дер кезінде тоқтату үшін де күш салғанын дәлелдейтін деректер бар.
Ізмұхан Құрамысов кім болған?
Последние статьи автора