Соңғы кездері тұлғаларымыздың немесе еліміздегі ежелгі қалалардың мерейтойлары «ЮНЕСКО көлемінде тойланды» дегенді жиі естіп жүрмін. Бірақ сол ЮНЕСКО-ның қандай ұйым, немен айналысатынын білмейді екенмін. Сол туралы мағлұмат берсеңіздер екен.
Торғын Жаппарқызы, Арал қаласы
ЮНЕСКО – (UNESCO – United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization) Біріккен Ұлттар Ұйымының ғылым-білім және мәдениет бойынша мәселелерімен айналысатын саласы (ұйымы). Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылған. Бас штаб-пәтері Парижде орналасқан. Қазір құрамында 162 мемлекет мүшелік етеді. Ең басты мақсаты – ешкімді ұлтқа, ділі мен дініне бөлмей, ғылым-білім мен мәдениет саласында ортақ келісіммен бейбітшілік және қауіпсіздікті орнату.
Ал ЮНЕСКО-дағы қазақ елінің Тұрақты өкілі – Қазақстанның жазушысы Олжас Сүлейменов.
ЮНЕСКО деген қандай ұйым?
Последние статьи автора