Мен бір мектепте – негізгі, екінші мектепте қосымша жұмыс атқарамын. Негізгі жұмысым бойынша іссапарға барған жағдайда қосымша жұмыс орнымда жалақым сақтала ма?
Зайра СМАҒҰЛОВА, Қостанай облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшысы маманының мәліметінше, Еңбек кодексінің 1-бабына сәйкес, iссапар – жұмыс берушiнiң өкiмi бойынша қызметкердi тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгiлi бiр мерзiмге еңбек мiндеттерiн орындау үшiн жiберу, сондай-ақ қызметкердi басқа жерге оқуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға жiберу.
Кодекстің 152-бабы бойынша іссапар уақытында қызметкердiң жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы сақталады.
Іссапарларға жіберілетін қызметкерлерге:
1) қызметтік іссапарда, оның ішінде жолда болған күнтізбелік күндері үшін тәуліктік төлемдер;
2) баратын жеріне дейінгі және кері қайтудағы жол жүру шығыстары;
3) тұрғын үй жалдау шығыстары төленеді.
Қызметкерлердi iссапарларға жiберудiң талаптары мен мерзiмдерi еңбек шартымен, ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушiнiң актiсiмен айқындалады.
Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекеме қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарларының шығыстары өтелуі шарттары мен тәртібі «Мемлекеттiк бюджеттiк қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтік iссапарлары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428 қаулысымен реттеледі.
Іссапарда жүрген күндердің жалақысы сақтала ма?
Последние статьи автора