Іссапар шығыны қалай төленеді?

Түрлі мекеме-кәсіпорындарда қызметкерлердің іссапарға шығуына байланысты төленетін ақы мөлшері әртүрлі. Негізінде, іссапар шығыны қалай  төленуі тиіс?
Асқар АСАНБЕКҰЛЫ, Солтүстік Қазақстан облысы
ҚР Еңбек кодексінің 1-бабына сәйкес іссапар – жұмыс берушiнiң өкi­мi бойынша қызметкердi тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орын­дау үшiн жіберу, сондай-ақ қыз­меткердi басқа жерге оқуға, білік­тілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу. Кодекстің 152-бабына сәйкес іссапар уақы­тында қызметкердiң жұмыс орны мен жалақысы сақталады.
Іссапарларға жіберілетін қыз­мет­керлерге:
– қызметтік іссапарда, оның ішін­де жолда болған күнтізбелік күн­дері үшін тәуліктік төлемдер;
– баратын жеріне дейінгі және кері қайтудағы жол жүру шы­ғыс­тары;
– тұрғын үй жалдау шығыстары тө­ленедi.
Қызметкерлердi iссапарларға жiберудiң талаптары мен мерзiмдерi еңбек шартымен, ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушiнiң актiсiмен айқындалады. Мемлекеттік меке­мелерде іссапар шығыстарын төлеу тәртібі ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428  «Мемлекеттiк бюджеттiк есебiнен ұсталатын мем­ле­кеттiк мекемелер қыз­мет­кер­ле­рiнiң, сондай-ақ Қазақстан Респуб­ли­касының Парламенті де­пу­таттарының Қазақстан Рес­пуб­ли­касының ше­гiн­дегi қызметтiк iсса­парлары туралы ере­женi бекiту туралы» қаулысымен бекі­тілген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста