Іссапар алдындағы құжаттар қалай рәсімделеді?
Кәсіпорын басшысы өзінің қарамағындағы қызметкерін іссапарға жіберер алдында қандай құжаттар рәсімдеу керек?Арман БЕЙСЕНОВ, Шығыс Қазақстан облысы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бас сарапшы маманы Ш.Молдабекова:
– ҚР Еңбек кодексінің 81-бабына сәйкес, іссапар деп жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберуді атайды. Кодекстің 152-бабына сәйкес іссапар уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы сақталады (яғни іссапарда жүрген қызметкердің жалақысы оның негізгі жұмыс орны бойынша төленеді). Сондай-ақ қызметкерлерін іссапарға жіберу кезінде мемлекеттік мекемелер басшыларының бұйрығы (өкімі) негізінде баратын жер мен мекемені, іссапардың мерзімі мен мақсатын көрсете отырып жүргізіледі. Іссапарға жіберілген қызметкерге басшы қол қойған іссапарлық куәлік беріледі. Қызметкердің іссапарда нақты болған уақыты іссапарлық куәліктегі іссапарға баратын жері мен іссапар жерінен кету күндері туралы белгілер бойынша анықталады. Егер қызметкер әртүрлі елді мекендерге іссапарға жіберілетін болса, келу және кету туралы белгілер олардың әрқайсысында жасалады. Іссапарға жіберудің осындай тәртібі басқа да меншік нысанындағы мекемелерде де қолданыла алады.